Қармақшы аграрлы - техникалық колледжінде 2025 жылдың 22 қазан күні
    «Қазақтың дәм дәстүрі» тақырыбында аспаз ІІІ курс пен 10 айлық оқу тобынының студенттерімен танымдық сабақ өткізілді.
    Мақсаты:
    Қазақ халқының ертеден келе жаткан тағамдарын қайта жандандыру.
    Білім алушыларды мамандыққа баулу.
    Танымдық сабақ аясында курс студенттеріне беш бармақ, әсіп тіске басарларын жасалу технологиясы таныстырылды.

    Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ» тақырыбында ашық сұхбат болып өтті.
    Қармақшы аудандық «Электр тарату торабы» өндірістік мекемесінің инженері Рамазан Бейбітұлымен колледж студенттері арасында ашық сұхбат болды.
    Сұхбат барысында Рамазан Бейбітұлы жас мамандарға электрик мамандығының өзіндік ерекшеліктері мен жұмыс барысындағы қауіпсіздік, жауапкершілікті басты назарда ұстау керектігін, қазіргі заманауи технологияларды меңгеру керектігіне, өз ісіне адал болу керектігін атап өтті. Сұхбат барысында студенттер ойларында жүрген сұрақтарына жауап ала алды.

    Қармақшы аграрлы - техникалық колледжінде 2025 жылдың 21 қазан күні
    «Болашақ электриктер-жарық әлемінің иелері» тақырыбында студенттермен танымдық сабақ өткізілді.
    Мақсаты:
    “Электр энергиясының маңыздылығын түсіндіру”
    “Электрик мамандығы туралы білім беру”
    “Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру”
    Танымдық сабақ аясында 1 курс студенттеріне электрик мамандығына деген сүйіспеншілігін оятты