? 2 Қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күніне орай
    ? Еліміздің болашағын қалыптастыратын, білікті маман даярлауға үлес қосатын сала өкілдеріне алғыс білдіреміз.
    ⚜️ «Кәсіп — менің тағдырым» бейнежобасы – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен құндылығын кеңінен насихаттауға бағытталған.
    Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің "Электромонтер", "Аспаз", "Ауылшаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ маман кәсіптің әр адамның өміріндегі маңызын ашады және жақсартудағы рөлін көрсетеді.
    ? Мамандық адам өз кәсібін сүйсе, ол тағдырдың бір бөлігіне айналады. Өйткені кәсіп - адамның өмірлік жолын айқындайды, қоғамға пайда әкеліп, өзіне де құрмет пен қуаныш сыйлайды. Сондықтан "Кәсіп - менің тағдырым" деген сөз - мамандық таңдау мен оны адал атқарудың өмірлік мәні барын көрсетеді.
    ✨ Техникалық және кәсіптік білім – еліміздің дамуының кепілі, ал кәсіби мамандар – жарқын болашақтың іргетасы. Бірге өркендейік!
    #біздіңТжКБ
    #нашеТиПО
    #Қармақшы аграрлы- техникалық колледжі

    Қармақшы аграрлы техникалық колледжінде “Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері”күніне орай “Еңбек аллеясы” атты колледж аумағында көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. “Еңбек аллеясы” ағаш отырғызу акциясы аясында колледж аумағына 25 түп ағаш отырғызылды.

    "Шеберлік құпиялылығы" шеберлік сабағы өтті
    Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен *"Шеберлік құпиялылық"* тақырыбындағы шеберлік сабағы өткізілді.
    Іс-шараны *«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»* мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері *Калымбетова Лаура Даирбекқызы* Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі базасында ұйымдастырып, өткізді.
    Шеберлік сыныбы барысында оқушылар тігін мамандығының қыр-сырымен танысып, болашақ кәсіби бағыт-бағдарына құнды мәліметтер алды.
    ? Мақсаты – мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру және тігін өндірісінің ерекшеліктерін таныстыру.!