“Студенттік өмір-жарқын сәттер кезеңі”
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай “Студенттік өмір -жарқын сәттер кезеңі” тақырыбында мерекелік шарасы өтті.
Әрбір адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды.Студенттер үшін айтулы мереке “Студенттер күні” өздеріне арналған бұл күнді ерекше атап өтуде.
Іс-шараны колледж директорының міндетін атқарушы Ә.Жұбатқанұлы барша студенттерді мерекелерімен құттықтап, биылғы жылы кәсіптік білімге алғашқы қадам басқан бірінші курс студенттеріне дәстүрлі студенттік билет табыстап, қадамдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар іс-шараға Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназарұлы қатысып студенттерді бүгінгі мерекемен құттықтап, оқуда озат, шығармашыл, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген студенттерді алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шарада ән айтылып, би биленіп көтеріңкі көңіл-күймен өз жалғасын тапты.