Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде «ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР ЖОЛЫ» тақырыбында ашық сұхбат болып өтті.
Қармақшы аудандық «Электр тарату торабы» өндірістік мекемесінің инженері Рамазан Бейбітұлымен колледж студенттері арасында ашық сұхбат болды.
Сұхбат барысында Рамазан Бейбітұлы жас мамандарға электрик мамандығының өзіндік ерекшеліктері мен жұмыс барысындағы қауіпсіздік, жауапкершілікті басты назарда ұстау керектігін, қазіргі заманауи технологияларды меңгеру керектігіне, өз ісіне адал болу керектігін атап өтті. Сұхбат барысында студенттер ойларында жүрген сұрақтарына жауап ала алды.

