Басты бет

Мен кітаппен әлемді ашамын

Басып шығару
"Мен кітаппен әлемді ашамын" библиографиялық ойын. 2025 жылдың 13 қазан айында " Мен кітаппен әлемді ашамын" тақырыбында библиографиялық ойын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты студенттер оқыған кітаптарының авторын таныстырып, шығарма мазмұнын ашу. "Кітап және автор" ойынында білім алушылар өздерінің сүйікті шығармаларын атап, оқыған кітаптарының мазмұнымен және кейіпкерлерімен таныстырды. "Суретке қарап кітапты тап" ойыны барысында кубикті айналдыру арқылы ақын- жазушылардың суретінен автордың кім екенін тауып шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар, қиылған кітап мұқабасын құрастыру ойыны ойнатылды. Студенттер тапсырмаларды жақсы орындап, белсенді қатысты.
#оқуғақұштарколледж #ғылымипедагогикалықкітапхана